Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция Әлем чемпионатының финалына шықты (видео)

Опубликовано:

Мбаппе
Киллиан Мбаппе. Фото: Twitter/FIFA World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына шыққан екінші құрама анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалдың екінші ойынында Франция мен Марокко кездесті. Матч 2:0 есебімен Дидье Дешамның шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Гол авторлары: Тео Эрнандес, Рандаль Коло-Муани.

Осылайша, Франция құрамасы Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің финалына шығып отыр.

Енді төртжылдықтың ірі додасының ақтық мәресінде Франция мен Аргентина ойнайды.

Матч 18 желтоқсан күні өтеді деп жоспарлануда.

Ал турнирдің үшінші орынына Хорватия мен Марокко таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001646-franciya-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel