Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция мен Марокко арасындағы матчтың үздік ойыншысы кім (фото)

Опубликовано:

Франция құрамасының жанкүйері
Франция құрамасының жанкүйерлері. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Франция мен Марокко арасындағы матчтың үздік ойыншысы Гризманн болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалдың екінші матчында Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен ұтты. Аталған ойынның үздік ойыншысы атағына еуропалық команданың шабуылшысы Антуан Гризманн лайық деп танылды.

Ол Мароккоға қарсы кездесуде гол соғып немесе нәтижелі пасымен көзге түскен жоқ. Алайда Антуан Гризманн қарсыластарынан екі мәрте допты тартып алып, 21 түзу пас берген.

Айта кетейік, бұған дейін Әлем біріншілігінің финалына Аргентина мен Франция құрамаларының шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001656-franciya-men-marokko-arasyndagy-matctyn-uzdik-oiynsysy-kim-foto/

pixel