Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатының үздік ойыншысы кім болады

Опубликовано:

Месси
Лионель Месси. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Goal.com сайты жартылай финалдың матчтарынан соң Әлем біріншілігінің үздік футболшысы атағына үміткерлердің рейтингін жаңартты. Тізімді Аргентина құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси бастап тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екінші орында Франция құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе тұрса, үздік үштікті оның әріптесі Антуан Гризманн қорытындылап тұр.

Төртінші және бесінші сатыға Марокконың қос футболшысы жайғасқан. Олар: Софьян Амрабат пен Ашраф Хакими.

Айта кетейік, Әлем чемпионатының финалы 18 желтоқсан күні өтеді. Турнирдің ақтық мәресінде Аргентина мен Франция құрамалары кездеспек.

Ал үшінші орын үшін матч 17 желтоқсанға жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001811-alem-cempionatynyn-uzdik-oiynsysy-kim-bolady/

pixel