Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досқараев лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Досқараев
Досқараев. Фото: Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстан теннис федерациясында жылдың қорытынды кеңесі өтіп, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті сайланды. Бұл лауазымға сайлаушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Диас Досқараев келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясының бұрынғы вице-президенті Юрий Польский Азия теннис федерациясындағы қызметін жалғастыра бермек. Ол халықаралық ұйымда басшының орынбасары қызметін атқарады. Сондай-ақ Қазақстан теннис федерациясы президентінің стратегиялық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі атанбақ.

Ал Диас Досқараев араға 3 жыл салып федерациядағы қызметіне қайта оралып отыр.

Айта кетейік, Диас Досқараев алты жыл бойы ұлттық құраманың капитаны болған және 2016-2020 жылдары федерацияның вице-президенті қызметін атқарды. 2020 жылы оқуға кетуіне байланысты аталған лауазымнан кеткен еді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001815-dosqaraev-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel