Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Ең көп гол соғылған матчтар тізімі жарияланды

Опубликовано:

Сака
Англия шабуылшысы Сака Иранға қарсы матчта. Фото: Tiwtter/Fifa World Cup

Футболдан Катардағы Әлем чемпионатының аяқталғаны белгілі. Турнирдегі ең көп гол Англия-Иран арасындағы ойында соғылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төртжылдықтың ірі додасындағы ең көп гол Англия мен Иран арасындағы матчта соғылды (8 гол). Аталған ойында 6:2 есебімен Гарет Саутгейттің шәкірттері жеңіске жетті.

Бұдан кейінгі нәтижелі матч Испания-Коста-Рика (7:0) және Португалия-Швейцария (6:1) кездесуінде тіркелді.

Айта кетейік, Аргентина мен Франция арасындағы финалдық матч 3:3 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында оңтүстік америкалық ұжымның жолы болды.

Осылайша, Катарда өткен Әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002199-alem-cempionaty-en-kop-gol-sogylgan-matctar-tizimi-zariyalandy/

pixel