Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентина билігі әлем чемпионатындағы жеңіске байланысты бір күндік демалыс жариялады

Опубликовано:

Месси
Лионель Месси. Фото: Twitter/Fifa World Cup

20 желтоқсан Аргентинада жалпыұлттық демалыс күні болып жарияланды. Бұл туралы Спорт Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Араға 36 жыл салып, Аргентина футболдан әлем чемпионы атанды. Жеңісті өз деңгейінде атап өту мақсатымен ел билігі 20 желтоқсанды жалпыұлттық демалыс күні деп жариялады.

Ұлттық құрама Буэнос-Айреске дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні ұшып келмек. Кейін Аргентина астанасында чемпиондар шеруі басталады.

Еске сала кетейік, Катардағы әлем чемпионатында Аргентина жеңіске жетті. Месси бастаған команда Францияны пенальти сериясы бойынша 4:2 есебімен ұтты. Бұл Аргентинаның әлем біріншілігіндегі үшінші жеңісі.

Бұған дейін олар 1978 және 1986 жылғы мундиалда топ жарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002214-argentina-biligi-alem-cempionatyndagy-zeniske-bailanysty-bir-kundik-demalys-zariyalady/

pixel