Мбаппе Франция құрамасының жаңа капитаны болуы мүмкін
Опубликовано:

Футболдан Франция құрамасының жаңа капитаны Киллиан Мбаппе болуы мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
lequipe басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Францияның қақпашысы Уго Льорис ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтаған жағдайда, Катардағы Әлем чемпионатының үздік сұрмергені капитан болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, төртжылдықтың ірі додасының финалында Дидье Дешамның шәкірттері Аргентинаға пенаьти сериясында есе жіберді. Тартысты матчта Киллиан Мбаппе хэт-трик авторы атанып, бірқатар рекорд тіркеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2002309-mbappe-franciya-quramasynyn-zana-kapitany-boluy-mumkin/