Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мессидің жазбасы Instagram желісінде рекорд орнатты (фото)

Опубликовано:

Месси
Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Лионель Мессидің Әлем чемпионатының финалынан кейін әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Футболдан Аргентина құрамасының капитанының Instagram әлеуметтік желісіндегі жазбасы қазіргі уақытта 59 676 902 лайк жинаған.

Бұл Instagram-да жаңа рекорд болып тіркелді.

Осыған дейінгі ең үздік көрсеткіш world_record_egg парақшасына тиесілі болатын. 2019 жылы 4 қаңтарда салынған жазбаға оқырмандар 56 484 108 лайк басқан.

Еске сала кетейік, Катардағы әлем чемпионатында Аргентина жеңіске жетті. Месси бастаған команда Францияны пенальти сериясы бойынша 4:2 есебімен ұтты. Бұл Аргентинаның әлем біріншілігіндегі үшінші жеңісі.

Бұған дейін олар 1978 және 1986 жылғы мундиалда топ жарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002318-messidin-zazbasy-instagram-zelisinde-rekord-ornatty-foto/

pixel