Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов бастаған дзюдошылар жылдың қорытынды турнирінде жеңіліп қалды

Опубликовано:

Елдос Сметов белдесу кезінде
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Израильдің Иерусалим қаласында өтіп жатқан Masters турнирінің алғашқы күнінде қазақстандықтар жүлдесіз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алғашқы жарыс күнінде ерлерден 60, 66 келіде, әйелдерден 48, 52 келіде жүлделер сарапқа салынуда.

60 келіде Қазақстан сапынан сынға түскен Елдос Сметов екінші айналымда болашақ чемпион, Оңтүстік Корея өкілі Ли Харимнан жеңіліп қалды.

Мағжан Шамшадин мен Бауыржан Нарбаев әзірбайжандық спортшылардан ұтылды.

66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев бірінші кездесуінде израильдік Тал Фликерге есе жіберді.

Қазақстан командасында жүлдеге жалғыз спортшы таласты. 48 келідегі Абиба Әбужақынова қола медальға таласып, жеңіліс тапты. Ол турнир барысында Чили мен Бельгия спортшыларын жеңіп, ширек финалда франциялық Ширин Буклиге есе жіберді.

Жұбаныш белдесуінде Әбужақынова америкалық спортшыны жеңгенімен, кіші финалда италиялық қарсыласына жол беріп, жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2002340-eldos-smetov-bastagan-dzyudosylar-zyldyn-qorytyndy-turnirinde-zenilip-qaldy/

pixel