"Барыс" хоккей клубы өз айдынында тағы да жеңілді
Опубликовано:

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Авангард" ұжымына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өз айдынында өткен матчта елордалық ұжым 1:3 есебімен жеңілді.
Кездесудің нәтижесі:
"Барыс" (Астана, Қазақстан) - "Авангард" (Ресей) 1:3
Голдар:
1:0 — 15:15 Шестаков
1:1 — 19:41 Шарипзянов
1:2 — 27:04 Броадхёрст
1:3 — 59:07 Толчинский.
Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін "Автомобилист" командасына қарсы өткізеді. Матч 24 желтоқсан күні "Барыс Аренада" болады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2002514-barys-xokkei-kluby-oz-aidynynda-tagy-da-zenildi/