"Астана" баскетбол клубы ірі есеппен жеңілді
Опубликовано:

ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті матчын "Астана" баскетбол клубы қазандық УНИКС клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Астана" баскетбол клубы үшін өз спорт кешенінде өткізген матч сәтсіз аяқталды. Ойында 41:79 есебімен қазандық УНИКС клубы жеңіске жетті.
Енді елордалық ұжым 25 желтоқсан күні "Минск" ұжымымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда УНИКС және "Астана" арасындағы алғашқы матч қазан айында өткен. Ол ойын алаң иелерінің ірі жеңісімен аяқталған еді (109:54).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2002689-astana-basketbol-kluby-iri-eseppen-zenildi/