Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарына кірді

Опубликовано:

теннис
Заңғар Нұрланұлы. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының "Жылдың үздік шетелдік ойыншысы" аталымымен марапатталды. 14 жасар Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Заңғар жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды. Оған қоса Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті.

"Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Өз бапкерлерім мен үлкен қолдау жасаған Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтқым келеді. Алдағы жылы маған жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнауға тура келеді. Онда да намысты қолдан бермеймін", - деді Заңғар Нұрланұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002693-qazaqstandyq-sportsy-europadagy-uzdik-10-tennissinin-qataryna-kirdi/

pixel