Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентиналық қақпашы әлем чемпионатындағы ерсі қылығынан соң клубтан қуылуы мүмкін

Опубликовано:

Эмилиано Мартинес үздік қақпашыға берілген сыйлықпен
Эмилиано Мартинес. Фото: twitter/fifaworldcup

Футболдан Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес "Астон Вилла" клубының бас бапкеріне ұнамай қалды. Қақпашының әлем чемпионатынан кейінгі ерсі әрекетін көпшілік сынға алған, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Football Insider мәліметінше, Эмери Мартинесті командадан көргісі келмейді. Екеуінің арасындағы кикілжің "Арсеналда" басталған.

Ал әлем чемпионатынан кейін қарсыластарды мазақтап, жанкүйер алдында ерсі қылықтар жасаған Мартинестің әрекеті Унаиға әсте ұнамаған.

Ол Эмилианоның орнына Марокко құрамасының қақпашысы Яссин Бунуды алғысы келеді.

Ал Мартинестің "Астон Вилламен" келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003192-argentinalyq-qaqpasy-alem-cempionatyndagy-ersi-qylygynan-son-klubtan-quyluy-mumkin/

pixel