Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің бар ойым сенімен бірге": Пеленің ұлы ауруханадан сурет жариялады

Опубликовано:

Пеле мен ұлы Эдиньоның қолдары
Пеленің ұлы әкесіне қолдау көрсетуде. Фото: championat.com

Футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеле өмірінің соңғы сәттерін өткізіп жатыр. Қазіргі таңда оның барлық туысы ауруханаға жиналған, деп хабарлайды championat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

82 жастағы футбол аңызы Рождество мерекесін де ауруханада ес-түссіз қарсы алды. Ал желіде футболшының қазасына дайындық басталғаны туралы ақпарат та тарады.

Ал кеше Пеленің ұлы Эдиньо ауруханадан сурет жариялап: "Менің бар ойым сенімен бірге, әке", - деп жазды.

Еске сала кетейік, дәрігерлер былтыр Пеледен тоқ ішектің қатерлі дертін анықтады. Содан соң футболшы дереу химиотерапия ала бастаған. Бірақ арада уақыт өткенде, спортшының ағзасы химиотерапияны да қабылдамай қойды.

29 қарашада Пеле ауыр халде ауруханаға түсіп, содан бері дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Күн сайын оның халі нашарлай бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003205-menin-bar-oiym-senimen-birge-pelenin-uly-auruxanadan-suret-zariyalady/

pixel