Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы әлемдегі болашағы зор ойыншылар қатарына кірді

Опубликовано:

Антон Крачковский
Антон Крачковский. Фото: "Қайрат" футбол клубының ресми сайты

Ресейдің "Матч ТВ" порталы алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Антон Крачковский туралы қызықты ақпарат жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ресей біріншілігінің он бір футболшысы Халықаралық спортты зерттеу орталығының (CIES) нұсқасы бойынша әлемдегі келешегі бар ойыншылардың қатарына кірді.

Тізімге Даниил Худяков, Артем Карпукас ("Локомотив"), Саба Сазонов, Арсен Захарян ("Динамо" Мәскеу), Виктор Мелехин ("Ростов"), Даниил Денисов ("Спартак"), Ираклий Манелов, Сергей Волков, Олакунле Олусегун (Краснодар"), Александр Коваленко, Владислав Шитов ("Крылья Советов") енген.

Сонымен қатар CIES нұсқасы бойынша келешегі бар футболшылардың қатарында қазақстандық "Қайраттың" ресейлік жартылай қорғаушысы Антон Крачковский бар", - делінген басылым хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003207-alemdegi-kelesegi-bar-oiynsylardyn-tizimine-qairat-futbolsysy-kirdi/

pixel