Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы қазақстандық теннисшілер қандай жетістікке жетті

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Биыл Қазақстан теннис федерациясының құрылғанына 30 жыл. Өтіп бара жатқан жыл тарихи нәтижелерге толы және ерекше сәтті болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Айя Нупбай мен Асылжан Арыстанбекова теннисте ерекше рекордқа ие болды! Айя мен Асылжан ITF Juniors санатындағы жұптық сында 9 жарыста жеңімпаз атанды, оның жетеуін қыздарымыз 2022 жылы жеңіп алды!

Өткен жылы қазақстандық жасөспірімдер керемет нәтижелерге қол жеткізді. Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Еуропа рейтингінде ұзақ уақыт бойы бірінші орында тұрды, үш қазақстандық теннисші 2022 жылды Азия рейтингінде бірінші орынмен аяқтады.

Олар: Альбина Кәкенова, Сафина Сафиулина (Алматы) және Темірлан Кәрім (Астана).

Аружан Сағандықова, Сандуғаш Кенжібаева, Жанель Рүстемова және Максим Батютенко жасөспірімдер арасындағы төрт "Үлкен дулыға" турнирінде өнер көрсетті.

Қазақстандық, әлемнің 142-ракеткасы Тимофей Скатов италияның Парма қаласында өткен челленджер турнирінің чемпионы атанды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы қазақстандықтарды осы жеңісімен қуантты.

Финалда Тимофей дүниежүзілік рейтингіде 156-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ойында Скатов 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тимофей өзінің теннистік мансабында жекелей сында алғашы Челленджер санатындағы чемпинодық атағына қол жеткізді.

Қазақстанның әйелдер құрама командасы алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, Елена Рыбакина бастаған қыздарымыз Астанада азулы Германия кұрамасын 3:1 есебімен жеңді. Топтық кезеңде біздің команда Ұлыбритания құрамасын жеңіп, ал екінші ойында өкіншкі орай Испания құрамасына жол беріп жартылай финалға шыға алмады. Дегенмен, біздің құрама рейтингте әлемнің үздік 10 командасының қатарына кірді. Ал Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде үшінші рет өнер көрсетті.

Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен турнирде жеңіске жетті. Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда Токио Олимпиадасының чемпионы Александр Зверевті 6:4, 6:2 есебімен басым түсті,

Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы ATP 250 сериясындағы жарыста иеленген алғашқы жүлде. Бұған дейін ол төрт финалда жеңіліп қалған.

Аустралия ашық біріншілігі жұптық сайысының финалисі болған Анна Данилина өтіп бара жатқан жылдағы қазақстандықтардың жеңісті жолын жалғастырды. Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатриз Аддад Майямен финалда чехиялық Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковадан 7:6, 4:6, 4:6 есебімен  жеңіліп қалды. Жалпы, бір жыл ішінде Анна жеті турнирде жеңіске жетті (оның екеуі WTA 500 және 250 санатында), осы жетістіктер арқасында Данилина WTA қорытынды чемпионатына қатысуға және жыл соңында әлемдік жұптық рейтингте 11-орынға ораналасуына мүмкіндік берді.

Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған ATP 500 сериясының турнирі үлкен табыспен өтті. Оған әлем рейтингісіндегі ТОР-10 тізімінің 6 ойыншысы қатысты. Astana Open трансляциясын әлемнің 170 елінен 7 миллионнан астам адам тамашалады. Турнирді ойыншылар мен ATP өкілдері жоғары бағалады

"Үлкен дулыға" турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің 7-ракеткасы Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Сербиялық теннисші финалда әлемнің 6-ракеткасы, грециялық Стефанос Циципасты 6:3, 6:4 есебімен жеңді. 35 жастағы Джокович АТР санатындағы 90-шы титулын қоржынына салды.

Өтіп бара жатқан жылдың басты оқиғасы Елена Рыбакинаның Уимблдон-2022 турниріндегі жекелей сындағы жеңісі. Финалда Елена тунистік теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді тартысты өткен кездесуде, 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында "Үлкен дулыға" жарысының жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003407-2022-zyly-qazaqstandyq-tennissiler-qandai-zetistikke-zetti/

pixel