Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Швецияның "жыл футболшысы" атағын Кулусевски жеңіп алды

Опубликовано:

Деян Кулусевски
Деян Кулусевски Хорватияға қарсы матчта. Фото: Instagram/dejan.k10

Деян Кулусевски Швецияның 2022 жылғы үздік футболшысы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Швецияның футбол федерациясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Ювентус" ойыншысы қазіргі уақытта "Тоттенхэм" сапында өнер көрсетіп жүр. Себебі, туриндік ұжым жартылай қорғаушыны жалға берген. Келісімшартта Кулисевски лондондық клуб сапында 2023 жылдың маусым айына дейін ойнайды деп көрсетілген.

"Тоттенхэмде" футболшы он кездесуге қатысып үлгерді және бір голдың, бес голдық пастың авторы атанды.

Сонымен қатар 22 жастағы жартылай қорғаушы биыл Швеция құрамасымен Ұлттар лигасында және 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003453-sveciyanyn-zyl-futbolsysy-atagyn-kulusevski-zenip-aldy/

pixel