Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәдуақасова шахматтан әлем чемпионатының күмісін жеңіп алды

Опубликовано:

Динара Сәдуақасова шахмат тақтасының қасында
Динара Сәдуақасова. Фото: instagram/dinara.saduakassova

Шахматтың рапид және блиц түрлері бойынша Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық шахматшы қытайлық Тань Чжунъимен тең түсіп, 11-кезеңнен кейін екі спортшы да 8,5 ұпайдан еншіледі.

Жарыс ережесіне сәйкес, шахматшылар негізгі уақытта тең түссе, жеңімпаз қосымша уақытта анықталады.

Өкінішке қарай, тай-брейкте Динара қарсыласына есе жіберіп, әлем біріншілігінің күмісіне қол жеткізді. Тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік чемпионатты бесінші орынмен аяқтаған.

Айта кетелік, бұл Динара Сәдуақасованың мансабындағы ең ірі жетістіктердің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003506-dinara-saduaqasova-saxmattan-alem-cempionatynyn-kumisin-zenip-aldy/

pixel