Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПСЖ" клубы атақты ойыншысымен жаңа келісімшартқа отырды

Опубликовано:

Марко Вератти
Марко Вератти. Фото: Twitter/Paris Saint-Germain

"ПСЖ" клубы Италия құрамасының жартылау қорғаушысы Марко Вераттимен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "ПСЖ" клубы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады. Хабарламада Франция чемпионатында өнер көрсететін ұжым мен Вераттидің ортақ шешімге келгені, жаңа келісімшарттың 2026 жылға дейін жарамды екені айтылған.

Еске сала кетейік, Италия құрамасының жартылай қорғаушысы "ПСЖ" сапына 2012 жылы қосылған. Он жылда ол 398 матчқа қатысып, бір гол мен 48 нәтижелі пастың авторы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003586-psz-kluby-ataqty-oiynsysymen-zana-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel