Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда қайта жөндеуден кейін теннис кешені ашылды

Опубликовано:

теннис орталығы
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қарағанды қаласында теннис орталығы қалпына келтіруден кейін пайдалануға берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2013 жылы ашылған спорт ғимаратын қалпына келтіру қажет болды. Жаңартудың арқасында қосымша корт салынды. Қазір хард қатты жабындысы төселген төрт корт бар. Жаңа жарықтандыру жабдықтары орнатылды, турнир барысында теннисшілер тұрақтайтын қонақ үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар мен қонақтар ыңғайына асхана жұмыс істейді. Орталықта қажетті спорт құралдары, жабдықтар, киім ауыстыратын бөлмелер мен душ кабиналары бар жаттығу залы бар.  

Қарағандыда екінші толыққанды теннис орталығының ашылуы өңірдегі бәсекелестікті, жаппай теннис сабақтарын күшейтуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003684-qaragandyda-qaita-zondeuden-keiin-tennis-keseni-asyldy/

pixel