Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған қазақстандық ару алғаш рет нәтижесі туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Динара Садуақасова
Фото: Instagram/dinara.sadukassova

Шахматтан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған Динара Сәдуақасова өзінің жеңісі туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Достар, кеше әйелдер арасында жылдам шахматтан жиырма екінші әлем чемпионаты аяқталды. Жарыс 26-28 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өтті.

Нәтижесінде турнирдің вице-чемпионы атанғанымды қуана сүйіншілеймін. Мен Қытай, Үндістан, Ресей және басқа да дәстүрлі шахмат елдерінің намысын қорғайтын әлемнің үздік спортшыларымен ойнауға мүмкіндік алдым.

Жарыс қиын әрі тартысты өтті. Турнир қашықтығы – 11 ойыннан кейін мен және Қытайдан шыққан бұрынғы Әлем чемпионы Тань Чжунъи тең ұпай жинадық. Ал тай-брейктің соңында мен одан жеңіліп қалдым.

Бір жыл бойы алаңға шықпағанымды ескерсек, әлем чемпионатының "күмісі" лайықты нәтиже деп есептеймін.

Мені қолдап, ойындарымды бақылап, жылы лебіздерін жазып, жанымда жүрген барша жандарға алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің шексіз сенімдеріңіз бен тілектестіктеріңіз үшін көп рақмет", - деді Динара.

Еске сала кетейік, 28 желтоқсанда Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003693-alem-cempionatynda-kumis-medal-zenip-algan-qazaqstandyq-aru-algas-ret-natizesi-turaly-pikir-bildirdi/

pixel