Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси 2022 жылдың үздік спортшысы атанды

Опубликовано:

Месси
Фото: Twitter/Fifa World Cup

Iequipe нұсқасы бойынша Лионель Месси жылдың үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Футболдан Катарда өткен Әлем чемпионатында Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы чемпион атаған еді. Сонымен қатар шабуылшы турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Ал Франция құрамасының сұрмергені Киллиан Мбаппе екінші орында. Ол Мессиден екі есе аз дауыс жинаған.

Үздік үштікті испаниялық теннисші Рафаэль Надаль қорытындылап тұр.

Iequipe нұсқасы бойынша өткен жылдың үздік бес спортшысы:

1. Лионель Месси (футбол, 808 ұпай),

2. Килиан Мбаппе (футбол, 381 ұпай),

3. Рафаэль Надаль (теннис, 285 ұпай),

4. Ремко Эвенепул (велоспорт, 252 ұпай),

5. Макс Ферстаппен (Формула-1, 196 ұпай).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004467-messi-2022-zyldyn-uzdik-sportsysy-atandy/

pixel