Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Исламхан "Қайрат" сапына орала ма: Футболшы көпті мазалаған сауалға жауап берді

Опубликовано:

Бауыржан Исламхан жасыл алаңда
Бауыржан Исламхан Өзбекстанға қарсы матчта. Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан сұхбат беріп, көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Барша қазақстандық футбол жанкүйерлерін жаңа жылмен құттықтағым келеді. Мереке, туыстарым мен достарымның ортасында жайлы атмосферада өтті", - деп сөзін бастады футболшы.

Осы орайда Бауыржан Исламхан өткен жылдың соңында ұлттық құрамаға оралған уақытта қандай сезімде болғанын ашып айтты.

"Ең алдымен, Қазақстан құрамасына оралғаныма қатты қуандым. Ұлттық құрамаға оралуды асыға күттім. Осы сәтті пайдалана отырып, федерация басшылығына және бапкерлер штабына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстан Республикасының туы астында жарысқа қатысу үлкен мәртебе және мен болашақта біздің командаға қажетті нәтижелерге жетуде пайдалы болатыныма өте қуаныштымын", - деді Қазақстан құрамасының капитаны.

Сөз соңында Бауыржан Исламхан алдағы мансабына қатысты сауалға жауап қайырды.

"Қазір қазақстандық клубтардан да, шетелдік командалардан да бірнеше ұсыныс бар деп айта аламын. Бұл командалармен келіссөздер тоқтап тұрды, себебі мен үшін "Қайратқа" оралу ең бірінші таңдауым болды. Өкінішке қарай, "Қайратпен" келісе алмадық, енді мен басқа да ұсыныстарды қарастырып, мансабымды жалғастыру үшін ең жақсы нұсқаны таңдаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004476-bauyrzan-islamxan-qairat-sapyna-orala-ma-futbolsy-kopti-mazalagan-saualga-zauap-berdi/

pixel