Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдусыз "Манчестер Юнайтед" алғашқы титулға жақындады

Опубликовано:

Рэшфорд
Рэшфорд клубтағы әріптесімен. Фото: Twitter/Manchester United

Түнде Англияның лига кубогының матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Чарльтон" клубын қабылдады. "Олд Траффорд" стадионында өткен матчта Эрик Тен Хаг шәкірттері жеңіске жетті. Есеп 3:0. Гол авторлары: Антони, Маркус Рэшфорд (дубль).

Осылайша, "Манчестер Юнайтед" Англия лига кубогының жартылай финалына жолдама алып отыр.

Еске сала кетейік, Эрик Тен Хаг шәкірретінің келесі кездесуі Англия біріншілігінің аясында "Манчестер Ситиге" қарсы өтпек. Кездесу 14 қаңтар күні болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004871-ronaldusyz-mancester-yunaited-algasqy-titulga-zaqyndady/

pixel