Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аустралияда өткен Аделаида 2 WTA 500 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Отандық спортшы ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге финалда бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тейлор Таунсендпен ойнап, қарсыластыра есе жіберді. Есеп: 5:7, 6:7 (3:7).
Қазақстанның теннис федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, финалға дейін жеткені үшін Елена мен Анастасия 305 рейтингілік ұпайға ие болып, 24 300 АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005304-elena-rybakina-australiyadagy-turnirdin-finalynda-zenilip-qaldy/