Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Манарбек Ержанов "Ақжайық" футбол клубының директоры болды

Опубликовано:

Манарбек Ержан
Манарбек Ержанов. Фото: instagram.com/fcakzhayik

"Ақжайық" футбол клубының басшылығында бірқатар өзгеріс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Манарбек Шайдоллаұлы Ержанов "Ақжайық" футбол клубының директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Оның орынбасары қызметіне Аманшин Самат Сабитұлы келді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Астана" футбол клубының атқарушы директоры қызметіне Бағлан Ергешев тағайындалғанын жазған едік. Бұған дейін ол "Ордабасы", "Оқжетпес", "Атырау" және "Қайрат" футбол клубтарында және Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005779-manarbek-erzanov-aqzaiyq-futbol-klubynyn-direktory-boldy/

pixel