Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық "Шахтердің" бас бапкері тағайындалды

Опубликовано:

Игорь Солошенко
Игорь Солошенко. Фото: "Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі

Игорь Солошенко "Шахтер" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "кеншілердің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Игорь Солошенко — қарағандылық футбол мектебінің түлегі.

Футболшы ретінде "Шахтер", "Жеңіс", "Аят", "Тобыл", "Ақжайық", "Ертіс" және "Оқжетпес" командаларында доп тепкен. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасында да өнер көрсеткен.

Ол мансабын аяқтаған соң "Шахтер" футбол орталығында бапкер ретінде және негізгі команданың физикалық дайындығына жауапты маман ретінде, сонымен қатар "кеншілердің" спорт директоры ретінде жұмыс атқарған.

Соңғы үш маусымда "Шахтер-Болат" командасының бас бапкері болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005857-qaragandylyq-saxterdin-bas-bapkeri-tagaiyndaldy/

pixel