Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері ел қоржынына медаль салды (видео)

Опубликовано:

хоккей
Қазақстан студенттер құрамасы. Фото: "Барыс" хоккей клубының ресми сайты

Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан студенттер құрамасы үшінші орын үшін таласта Жапониямен кездесіп, 8:1 есебімен басым түсті.

Матчта Максим Мухаметов (хэт-трик), Саян Данияр, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов, Әли Қасенов, Данил Бутенко мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, Қазақстан хоккейшілері АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиаданың қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, Қазақстан студенттер құрамасы В тобында өнер көрсетіп, Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен ұтып және соңғы турда Америка Құрама штаттарына есе жіберді (4:1).

Отандық хоккейшілер өз тобында екінші орынға ие болып, жартылай финалға шықты. Ақтық мәреге берілетін жолдама үшін таласта Қазақстан студенттер құрамасы Канадаға есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2006308-universiada-qazaqstan-xokkeisileri-el-qorzynyna-medal-saldy-video/

pixel