Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Универсиада аяқталды: Қазақстан жалпыкомандалық есепте нешінші орынға ие болды (фото)

Опубликовано:

Шорт трек
Әділ Ғалиахметов. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен 2023 жылғы қысқы Универсиадада аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған қазақстандық спортшылар үш алтын, төрт күміс, төрт қола жүлде жеңіп алып, медальдар кестесінде он бірінші орынға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Жапония елінің спортшылары алдына жан салған жоқ. Күншығыс елінің студенттері жарыста 48 медаль еншіледі. Оның 21-і "алтын", 17-сі "күміс", 10-ы "қола".

Екінші орынға 29 жүлдемен Оңтүстік Корея (12-8-9) жайғасты. Үздік үштікті Канада қорытындылады. Үйеңкі жапырақтар елінің спортшылары байрақты бәсекеде 13 жүлдеге қол жеткізді (6-1-6).

Айта кетейік, 12-22 қаңтар аралығында Америка Құрама штаттарының Лэйк-Плэсид қаласында Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтті.

Байрақты бәсекеге 50 елден 1 443 спортшы қатысты.

Халықаралық жарыста Қазақстан намысын 78 спортшы қорғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006377-universiada-ayaqtaldy-qazaqstan-zalpykomandalyq-esepte-nesinsi-orynga-ie-boldy-foto/

pixel