Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен еліміздің студенттер құрамасын құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

"Сіздердің жарқын жеңістеріңіз күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлады. Дүниежүзілік қысқы универсиадада сіздер шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер. Байрақты бәсекеде жастарымыз ел сенімін ақтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды.

Спортшыларымыздың мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жаттықтырушыларымыз елеулі үлес қосты. Елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Құрама командамыздың Универсиада ойындарындағы тамаша өнері мыңдаған жасты жігерлендіріп, жеңістерге бастайтыны анық", – деп жазылған құттықтау хатта.

Мемлекет басшысы Қазақстанның студенттер құрама командасының биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, қысқы универсиадада ел намысын қорғаған қазақстандық спортшылар үш алтын, төрт күміс, төрт қола жүлде жеңіп алып, медальдар кестесінде он бірінші орынға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006405-toqaev-qysqy-universiadada-tabysty-oner-korsetken-elimizdin-studentter-quramasyn-quttyqtady/

pixel