Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшысы өзбек қарсыласынан нокдаун алып, жарысты аяқтады

Опубликовано:

Шаршы алаңға ілінген бокс қолғабы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалистері анықталды. Жартылай финалдық бәсекеде қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласынан ойсырай жеңілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атап айтар болсақ, 92 келіден жоғары салмақта сынға түскен Аманат Сабырғали өзбекстандық Жаһангир Зокировпен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен ұтылып қалды.

Кездесудің екінші раундында өзбек боксшысы Аманатты нокдаунға жіберді. Осылайша, Аманат Сабырғали турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін тағы бір қазақ боксшысы Сағындық Тоғамбай өзбек қарсыласынан нокдаун алып, жарысты аяқтаған болатын.

Жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына жалпы есебі алты қазақстандық боксшы шықты.

Олардың қатарында ересектер арасындағы Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай мен әлем чемпионатының жүлдегері Махмұд Сабырхан да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2006515-qazaq-bokssysy-ozbek-qarsylasynan-nokdaun-alyp-zarysty-ayaqtady/

pixel