Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фрэнк Лэмпард "Эвертонның" бас бапкері қызметінен кетті (фото)

Опубликовано:

стадион
"Эвертон" клубының стадионы. Фото: Twitter/Everton

Фрэнк Лэмпард "Эвертонның" бас бапкері қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фрэнк Лэмпард бапкерлік еткен ұжым соңғы рет өткен жылдың 22 қазанында жеңіске жеткен еді. Сол уақытта "Эвертон" "Кристал Пэластан" басым түсті. Одан бері ливерпульдік клуб он матч өткізіп, оның екеуінде тең ойнап, сегізінде жеңілістің ащы дәмін татты.

Қазіргі уақытта "Эвертон" футболдан Англия біріншілігінің турнирлік кестесінде он тоғызыншы орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 44 жастағы Фрэнк Лэмпард "Эвертон" клубына өткен 2022 жылдың 31-қаңтарында тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006525-frenk-lempard-evertonnyn-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti-foto/

pixel