Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігі басталады

Опубликовано:

Жасыл алаң
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 1 ақпанда Мароккода футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Турнирде жеті клуб өнер көрсетеді. Олар: "Реал Мадрид" (Испания), "Фламенго" (Бразилия), "Әл-‑Хилаль" (Сауд Арабиясы), "Әл-Ахли" (Египет), "Окленд Сити" (Жаңа Зеландия), "Сиэтл Саундерс" (АҚШ) және "Видад" (Марокко).

Бүгін алғашқы матч "Әл-Ахли" мен "Окленд Сити" арасында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл кездесудің жеңімпазы келесі айналымға шығып, 4-ақпанда "Сиэтл Саундерс" клубымен ойнайды. Аталға датада "Видад" мен "Әл-‑Хилаль" матчы да болмақ.

Екі кездесудің жеңімпазы жартылай финалға шығады. Олар финалға берілетін жолдама үшін "Реал Мадрид" және "Фламенгомен" шеберлік байқасады.

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы 11 ақпанда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007679-bugin-futboldan-klubtar-arasyndagy-alem-birinsiligi-bastalady/

pixel