Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы да Абиба": Отандық дзюдошылар Париж төрінен екі бағалы жүлде жеңіп алды (видео)

Опубликовано:

Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынова жекпе-жектен соң
Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

Дзюдодан Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарыстың алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова (48 келі) мен Данияр Шамшаев (73 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

48 келіде сынға түскен Абиба Франция спортшысын жеңіп, ширек финалда Испания өкіліне жол берді. Жұбаныш белдесуінде жапониялық Рина Тацукаваны жеңіп, қолаға күресу мүмкіндігін алды. Абиба өз мансабында дзюдодан үздік саналатын жапон қыздарын алғаш рет жеңіп отыр.

Қола медаль үшін күресте Әбужақынова Оңтүстік Корея балуанын жеңді. Бұл қазақстандық дзюдошы қыздың бір апта ішінде жеңіп алған екінші жүлдесі. Ол жақында ғана Португалиядағы Гран-при турнирінде жеңімпаз атанған еді.

73 келідегі Данияр Шамшаев жарысты екінші айналымнан бастап, Бразилия және Франция балуандарын жеңді. Ширек финалда Олимпиада және әлем чемпионы Лаша Шавдатуашвилиге есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде Франция, қола медаль үшін күресте Канада балуанынан басым түскен Даниярдың бұл Grand Slam турниріндегі алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол Азия чемпионатында топ жарған.

Бүгін татамиге шыққан өзге балуандарымыз медальсіз қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2008050-tagy-da-abiba-otandyq-dzyudosylar-pariz-torinen-eki-bagaly-zulde-zenip-aldy-video/

pixel