Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды

Опубликовано:

теннис
Әмір Омарханов. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

15 жасар қазақстандық Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

"Алғаш рет осындай дәрежедегі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бір апта бұрын ойыным жүрмеді, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Дода барысында қарқынымды күшейте түстім", - деді Омарханов.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазіргі кезде Чехияда жаттығады.

Жұптық сында қазақстандық Әдемі Аманкелді ресейлік Софья Гапанковамен бірге финалда Ресей спортшылары Зоя Левина - Анастасия Рожкованы тізе бүктірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008161-qazaqstandyq-tennissi-algas-ret-itf-juniors-turnirinin-cempiony-atandy/

pixel