Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы финалдық кезеңге шыға алмады

Опубликовано:

теннис
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Дэвис кубогінің іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Чилиге есе жіберді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ла-Серена қаласында өткен Дэвис кубогының іріктеу матчында Чили спортшылары отандық теннисшілерді 3:1 есебімен ұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне шыға алмады.

Айта кетейік, Дэвис кубогының іріктеу матчы Тимофей Скатов пен Кристиан Гарме арасындағы кездесумен басталды. Алғашқы ойында отандық спортшы 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші кездесуде Александр Бублик Николас Харриге есе жіберіп, жалыкомандалық есеп теңесті.

Содан соң жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов чилилік қарсыластары Алехандро Табило және Томас Барриоспен шеберлік байқасты. Аталған ойын 6:4, 7:5 есебімен оңтүстікамерикалық ұжымның пайдасына аяқталды.

Төртінші матчта кортқа Александр Бублик пен Кристиан Гарин шықты. Аталған кездесу отандық теннисшілер үшін шешуші матч болатын. Себебі, бұл ойынды жеңсе ғана Қазақстан құрамасы жолдама үшін таласты жалғастыратын еді.

Алайда қазақстандық теннисшінің жолы болмай, қарсыласына екі сетте ұтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008167-devis-kubogy-qazaqstan-quramasy-finaldyq-kezenge-syga-almady/

pixel