Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зайнутдинов жарақат алды: Футболшының жасыл алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Опубликовано:

Бахтиер Зайнутдинов
Фото: gazeta.ru

Қазақстан ұлттық құрамасы мен мәскеулік "ЦСКА" клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов жарақат алып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі мәскеулік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық тексерістен кейін жартылай қорғаушының жарақат алғаны анықталып отыр.

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы бұлшықет сіңірін зақымдаған.

Клубтың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Зайнутдинов жарақатынан төрт және алты апта аралығында айығады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Бақтиер Зайнутдинов биылғы маусымда футболдан Ресей біріншілігінде 15 матч өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008232-zainutdinov-zaraqat-aldy-futbolsynyn-qatarga-qasan-oralatyny-belgili-boldy/

pixel