Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы қысқы спорт ойындарында үздік атанған спортшы кім

Опубликовано:

шаңғымен тұғырдан секіру
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматыда Қазақстан Республикасының IV қысқы жастар спорт ойындары өтіп жатыр. Бүгін шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер анықталып, марапатталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жарыс күні аралас командалық сында (2 қыз бен 2 ұл) Алматы қаласының бірінші командасы жеңіске жетті. Одан кейінгі орынға Алматы-2 командасы мен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласы топ жарды. Шығыс Қазақстан облысы екінші орын алса, Алматы облысы үздік үштікті қорытындылады.

жастар
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

"Жарыс өзіме қатты ұнады. Қиын болды, деп айта алмаймын. Десе де тартыс соңына дейін созылды. Шаңғымен тұғырдан секіруге 6 жасымда келгенмін. Биыл осы спортпен айналысқаныма 10 жыл болады. Кумирім –Данил Васильев. Жақын арада онымен бірге жаттығып, бірге өнер көрсетуді қалаймын",-деді үш алтын медаль (жекелей және командалық) жеңіп алған алматылық Илья Мизерных.

Жалпы биылғы кешенді жарыс барысында 11 спорт түрінен үздіктер анықталмақ.

Барлық бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрамасы жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшылар іріктеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008420-almatydagy-qysqy-sport-oiyndarynda-uzdik-atangan-sportsy-kim/

pixel