Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 сағат бойы қиранды астында қалған": Түркиялық қақпашының жансыз денесі табылды

Опубликовано:

Ахмет Эюп Туркаслан
Ахмет Эюп Туркаслан. Фото: sabah.com.tr

Түркияның "Ени Малатьяспор" клубының қақпашысы, 28 жастағы Ахмет Эюп Туркасланның денесі қиранды астынан табылды. 30 сағат бойы үйінді астында қалған футболшының қазасы туралы Fanatik хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суыт хабарды команданың жаттықтырушысы Йылмаз Вурал жеткізді.

"Өкінішке қарай, біздің Ахмет қайтыс болды. Оның жансыз денесін алып кетті. Өкінішке қарай, ол тірілердің қатарында жоқ", - деді Йылмаз.

Ахметтің әйелі Кюбра Туркаслан қиранды астынан аман шыққан. Ол құтқарушыларға қақпашының қай жерде болуы мүмкін екенін көрсеткен. Сондай-ақ келіншек әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрады.

"Ол 30 сағаттан бері қиранды астында жатыр. Кран, грейфер жоқ. Ешкім оны шығара алмай жатыр. Бұл жер тегістеліп кетті", - деп жылады қақпашының әйелі.

Команда бапкері Вуралдың айтуынша, ол ойыншыларға екі күн демалыс берген.

"Ризадағы ойыннан соң мен командаға екі күн демалыс бердім. Футболшылардың басым көпшілігі Малатьяда болған жоқ. Тек біздің қақпашымыз Ахмет Эюп Туркаслан ғана қалған. Оның әйелін құтқарды... Қазір мен қиналып тұрмын", - деді команда жаттықтырушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008466-30-sagat-boiy-qirandy-astynda-qalgan-turkiyalyq-qaqpasynyn-zansyz-denesi-tabyldy/

pixel