Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Түркия чемпионаты қашан жалғасатыны белгілі болды

Опубликовано:

Түркияның мемлекеттік туы
Фото: pexels.com

Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан соң футболдан Түркия чемпионаты уақытша тоқтады, деп хабарлайды Түркияның футбол федерациясы.

"Матчтар 25-26 ақпан аралығында қайта басталады деп жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

Табиғи апатқа байланысты елде жеті күндік аза тұту күні жарияланды.

Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008517-futboldan-turkiya-cempionatynyn-qasan-zalgasatyny-belgili-boldy/

pixel