Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баскетболшы Леброн Джеймс жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

баскетбол
Леброн Джеймс. Фото: Instagram/lebron.king.james

Баскетболшы Леброн Джеймс жаңа рекорд орнатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Лос-Анджелес Лейкерс" баскетбол клубының ойыншысы Ұлттық Баскетбол Ассоциациясы тарихындағы ең көп ұпай жинаған ойыншы атанып отыр.

"Оклахома Сити Тандер" клубымен өткен матчта Леброн Джеймс 38 ұпай жинады. Бұл баскетболшының лига тарихындағы 38 388 ұпайы болып тіркелді.

Лига тарихындағы үздік сұрмергендер:

  1. Леброн Джеймс (38 388),
  2. Карим Абдул-Джаббар (38 387),
  3. Карл Мэлоун (36 928),
  4. Кобе Брайант (33 643),
  5. Майкл Джордан (32 292).

Еске сала кетейік, Леброн Джеймс 2003 жылдан бері Ұлттық Баскетбол Ассоциациясында өнер көрсетеді. Ол мансабында "Кливленд Кавальерс" (2003-2010, 2014-2018) және "Маями Хит" (2010-2014) секілді клубтарда ойнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008621-basketbolsy-lebron-dzeims-zana-rekord-ornatty/

pixel