Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Франциядағы турнирдің алғашқы айналымында сүрінді

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші кезеңіне шыға алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында Александр Бублик 4:6, 7:6, 6:7 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Осылайша, отандық теннисші Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Енді Грегуар Баррер ширек финалға шығу үшін әлемнің 87-ракеткасы, грузиялық Николоз Басилашвилимен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008642-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-franciyadagy-turnirdin-algasqy-ainalymynda-surindi/

pixel