Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшысы Венгриядағы турнирде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Опубликовано:

Боксер Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: olympics.com

Венгрияда өтіп жатқан бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде қазақстандық Айбек Оралбай қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды отандық бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек германиялық қарсыласы Александр Окаровақа жойқын соққы жұмсап, нокаутқа жіберген.

Бұған дейін Айбек литвалық қарсыласынан да үш рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бочкай атындағы халықаралық турнир осымен 67-рет өткізіліп жатыр.

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық Дамир Әбдіқадыр мен Теміртас Жүсіпов турнирдің жартылай финалына шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008861-qazaq-bokssysy-vengiyadagy-turnirde-qarsylasyn-nokautqa-ziberdi-video/

pixel