Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жастағы ресейлік хоккейші матч кезіндегі қақтығыстан соң бір бүйрегінен айырылды

Опубликовано:

Егор Стронов матч кезінде
Егор Стронов. Фото: hcda.ru

"Динамо-Алтай" хоккей клубының ойыншысы Егор Стронов матч кезінде қарсыласымен соқтығысып, ауыр жарақат алды. Бұл туралы клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүкілресейлік хоккей лигасы аясындағы кезекті матчта "Динамо-Алтай" командасы самаралық ЦСК ВВС клубымен кездескен. Ойын барысында 23 жастағы қорғаушы Егор Стронов қарсыласымен соқтығысып, ауыр жарақат алды.

Бірден ауруханаға жеткізілген хоккейшінің сол жақ бүйрегі қатты зақымданғаны анықталды. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, ота кезінде спортшының бір бүйрегін сақтау мүмкін болмады. Сондықтан Егордың бір бүйрегін алып тастауға тура келген.

Қазіргі таңда Егор Строновтың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

Кездесу 11 ақпан күні өтіп, самаралық клубтың жеңісімен аяқталды.

Биылғы маусымда Стронов "Динамо-Алтай" клубы үшін 23 матч өткізіп, 4 ұпай жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2009196-23-zastagy-reseilik-xokkeisi-matc-kezindegi-qaqtygystan-son-bir-buireginen-aiyryldy/

pixel