Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гандболдан Түркия құрамасының капитаны бес жасар баласымен бірге қиранды астында қаза тапты

Опубликовано:

Джемаль Кютахья ұлы Чинармен жарыс алаңында
Джемаль Кютахья ұлы Чинармен. Фото: thf.org.tr

Гандболдан Түркия ерлер құрамасының капитаны Джемаль Кютахья мен оның бес жасар ұлы Хатай аймағындағы Антакья қаласында жер сілкінісінен көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы хабарды Түркия гандбол федерациясы мәлімдеді.

Джемаль мен оның бес жасар ұлы Чинардың денесі Антакьядағы өздері тұрған үйдің қирандысынан табылған. Ал оның жүктіліктің төртінші айындағы әйелі Пелин Кютахья мен қайын енесі Нутен Мутлу әлі табылмай жатыр.

"Біз ұлттық құраманың капитаны Джемаль Кютахья мен оның бес жасар ұлы Чинар Кютахьянның қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз. Джемаль ұлттық құрамадан бөлек, жағажай волейболынан да команда көшбасшысы саналатыр. Ол команда капинаты ретінде біздің құраманы биік деңгейге шығарып, ел намысын абыроймен қорғады. Қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетелік, 6 ақпан күні Түркияда болған жер сілкінісінен тұтас бір қала жойылып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009346-gandboldan-turkiya-quramasynyn-kapitany-bes-zasar-balasymen-birge-qirandy-astynda-qaza-tapty/

pixel