Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздар қуантты": Бокстан әлем чемпионатында жүлде алған спортшылар ірі көлемде сыйақыға ие болды

Опубликовано:

Кеңес Рақышев пен жүлдегер боксшылар марапаттау рәсімінде
Кеңес Рақышев пен жүлдегер боксшылар: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін Алматыда Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды арнайы марапаттады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетелік, бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігі 2022 жылдың қараша айында Испанияның Аликанте қаласында өткен болатын.

Әлемдік жарыстарда жүлде алған боксшылар мен олардың бапкерлерін федерация президенті Кеңес Рақышев пен атқарушы директор Марат Мықтыбеков марапаттады.

Федерация президенті әлем чемпиондары Элина Базарова (54 келі) мен Бақыт Сейдішке (66 келі) 3 миллион теңге табыстады.

Күміс жүлдегерлер Нұрбек Мурсал (67 келі) мен Дәулет Төлемісов (75 келі) 1,5 миллион теңгеден алды.

Қола жүлдегерлер Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Әсем Таңатар (63 келі) және Әсел Тоқтасын (+81 келі) 1 миллион теңгеге ие болды.

Кеңес Рақышев әлем чемпионы Элина Базарованы марапаттауда
Кеңес Рақышев пен Элина Базарова. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Жеңімпаздардың жеке бапкерлері Нұрбота Сейітбек пен Бағлан Омарбековке 500 мың теңгеден берілді.

"Испанияда еліміздің жастар құрамасы жақсы нәтиже көрсетті. Медальдардың саны мен сапасы бойынша біз үшінші орын алдық. Арада көп уақыт өтсе де, біз жас боксшыларымызды ұмытқан жоқпыз. Біз жастарға сенім артамыз. Болашақта олар ұлттық құрама боксшыларының орнын басады. Әйелдер боксындағы нәтижелер ерекше қуантады. Бокс - біздің ұлттық спортымызға айналды. Қазір әуесқой бокста жүріп, атыңды шығаруға болады. Жақсы қаражат таба аласың. Қазақстанның кәсіпқой боксшылары мұндай табысқа кенелмейді десем, қателеспеймін. Барлық боксшыларға, бапкерлер құрамына және біздің жеңістеріміздің жаршысы - БАҚ өкілдеріне алғыс айтамын", - деді Рақышев құттықтау сөзінде.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен бірге үшінші орынды бөлісті. Екінші орынды Үндістан алса, Өзбекстан әлем чемпионатының үздік құрамасы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2009530-qyzdardyn-ayaq-alysy-quantty-kenes-raqysev-bokstan-alem-cempionatynda-zulde-algandarga-iri-kolemde-syiaqy-tabystady/

pixel