Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Колумбияда матч кезінде футболшыға жанкүйер шабуыл жасады

Опубликовано:

алаң
Футбол стадионы. Фото: pexels.com

Футболдан Колумбия біріншілігінің кезекті турында келеңсіз жағдай болды. "Депортес Толима" мен "Мильонариос" арасындағы матч кезінде футболшыға жанкүйер шабуыл жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Мильонариос" клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, матч басталмай тұрып жанкүйер жасыл алаңға жүгіріп шыққан. Содан соң ол "Мильонариос" жартылай қорғаушысы Даниэля Катаньоның арқасынан ұрып жіберді.

Футболшы соққының салдарынан өз-өзіне тез арада келіп, жанкүйерді қуып жетіп, сұлатып түсірген.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп бұзған жанкүйерді полиция қызметкерлері ұстаған. Ал Даниэля Катаньоға төреші қызыл қағаз көрсетіпті.

Бұл жағдайдан соң 31 жастағы жартылай қорғаушының әріптестері футбол ойнаудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009565-kolumbiyada-matc-kezinde-futbolsyga-zankuier-sabuyl-zasady/

pixel