Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысы атағына үміткерлердің есімі белгілі болды

Опубликовано:

ChampionsLeague
Леау. Фото: Twitter/UEFA Champions League

UEFA-ның ресми сайты Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атағына үміткерлердің есімін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үміткерлердің қатарында төрт футболшы бар. Олар: "Бенфика" жартылай қорғаушысы Фредрик Эурснес, "Милан" шабуылшысы Рафаэл Леау, дортмундтық "Боруссияның" жас ойыншысы Карим Адейеми және "Баварияның" жартылай қорғаушысы Кингсли Коман.

Аталған футболшылар Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчында командаларының жеңіске жетуіне мұрындық болды.

Қазіргі уақытта Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы сайтында онлайн дауыс беру жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009669-cempiondar-ligasy-aptanyn-uzdik-oiynsysy-atagyna-umitkerlerdin-esimi-belgili-boldy/

pixel