Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы ойын тең нәтижемен аяқталды

Опубликовано:

Рэшфорд
Фото: Twitter/UEFA Europa League

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчында "Барселона" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Камп Ноу" стадионында өткен матчтың 50-минутында алаң иелері есеп ашты. Гол авторы: Маркос Алонсо.

"Барселона" футбошылары мен жанкүйерлерінің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Араға екі минут салып "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рэшфорд есепті теңестірсе, 59-минутта каталониялық ұжымның қорғаушысы Жюль Кунде өз қақпасына гол соғып алды.

Осыдан кейін "Барселона" ойыншылары "шабуылды" күшейтті. Нәтижесінде 76-минутта Рафинья таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша, "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Қос құрама арасындағы жауапты ойын 23 ақпан күні Манчестер қаласындағы "Олд Траффорд" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009753-barselona-men-mancester-yunaited-arasyndagy-oiyn-ten-natizemen-ayaqtaldy/

pixel