Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда балаларға қол көтерген бапкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды

Опубликовано:

жаттығу
Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында балаларға қол көтерген бапкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин оқиға 13 ақпан күні болғанын жеткізді.

Оның сөзінше, 2013 жылғы балаға самай тұсы көгерген деген диагноз қойылған.

"Сол күні жасөспірімнің анасы бапкерге қатысты шара қолдану жөнінде шағым түсірді. Балаға қол көтерген 1974 жылғы бапкер анықталды. 14 ақпан күні жасөспірімнің анасынан істі қарауды тоқтату және тараптардың келісімге келгені жөнінде тағы бір арыз түсті. Алайда Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бапкерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 73-2-бабы 1-бөлігіне (Ұрып-соғу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жазаланады", - деді полиция департаментінің ресми өкілі.

Сонымен қатар Болатбек Нұрғожин облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына аталған бапкердің тәртібін қарау және тәртіптік шара қолдану жөнінде ұсыным жолданғанын атап өтті.

Өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, 13 ақпан күні самбо күресінің бапкері жаттығу кезінде екі тәрбиеленушіні соққыға жыққан.

"Сол күні оқушылардың ата-аналарынан арыз түсіп, жаттықтыру жергілікті полиция бөліміне шақыртылды. Жаттықтырушы балалардың ата-аналарынан кешірім сұрады. Спортшылардың ата-аналары жаттықтырушыны кешіріп, өз арыздарын кері алды. Әйтсе де тұрғындар видеоны таратып жіберді. Бүгінде жаттықтыру ұлының Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуына байланысты өз қаражаты есебінен іссапарға кетті. Қызметке 20 ақпан күні шығады. Жұмысқа шыққан соң бапкердің іс әрекетіне баға беру үшін қызметтік тексеріс жүргізіледі", - деді Нығметуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009833-balalarga-qol-kotergen-qazaqstandyq-bapkerge-qatysty-is-qozgaldy/

pixel